Аборт жасау туралы
Аборт дегеніміз заңда белгіленген тәртіппен жасанды жолмен жүктілікті тоқтату болып табылады. Аборт әйелдердің өтініші бойынша 12-аптаға дейінгі жүктілік кезінде, ал медициналық негіздер мен әйелдің келісімі бойынша- 23-аптаға дейінгі жүктілік мерзіміне қарамастан жүзеге асырылады. Абортты жүзеге асыру осындай қызметті жүзеге асыруға лицензия алған арнаулы мекемелерде жүзеге асырылады. Жүктілікті жасанды түрде жоюдың медициналық негіздерінің тізімін ҚР Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі анықтайды, ал әлеуметтік көрсеткіштердің тізімі Қазақстан Республикасы бекіткен ережелер бойынша белгіленеді.
Қылмыстың обьектісі — әйелдердің өмірі және денсаулығы.
Обьективтік жағынан қылмыс тиісті бағдардағы жоғары медициналық білімі жоқ адамның аборт жасауы арқылы сараланады. Заң бойынша абортты жоғары медициналық білімі бар хирург-гинеколог, акушер-гинеколог жүзеге асырады. Егер абортты жоғары медициналық білімі бар терапевт, невропатолог, медбике, фельдшер т.б. жасаса, онда олар осы қылмысты істегені үшін жауапты болады. Мұндай адамдар үшін тек қана аса қажеттілік жағдайында немесе орынды тәуекел ету арқылы әйелдің өмірін сақтап қалу мақсатымен жүзеге асырылған аборт үшін ғана қылмыстық жауаптылық орын алмайды.
Аборт жасаудың денсаулыққа әсері қандай?
Медицина саласындағы қандай да бір жетістіктер, заманауи дәрі-дәрмектер мен аппараттар, өкінішке қарай, аборт жасатқаннан кейінгі әйел денсаулығына төнетін қауіпті, оның салдарынан болатын зиянды ең болмаса төмендете де алмайтынын көптеген әйелдер біле бермейді. Енді аборттың нақты қандай зиян алып келетіндігіне тоқталсақ.
Күшті инфекциялық асқыну. Инфекциялардың асқынбауына ешкім кепілдік бере алмайды. Мұндай жағдайда аборт жасаудың зияны зор. Аборттан кейін әйелдің иммунитеті төмендеп, оны көтеруге барлық дәрі-дәрмектің күші жетпей қалуы мүмкін. Егер инфекция асқынып кетсе, аборт жасау орны толмас өкінішке алып келеді. Ауруды жұқтыру оның асқынуына – эндометрияға, сонымен қатар, қанға сепсис ауруының жұғуына алып келеді, оны стационарда емдеу қиынға соғады. Кімде кім «астыртын» аборт жасауға бел буса, онда аса үлкен қауіпке тап болады.
Бедеулік және жатырдан тыс біткен жүктілік. Аборт жасаудың тағы да бір зияны – бедеулікке апарады. Аборт тіпті температураны және басқа да жұқпалы ауруларды ешқандай белгілерін байқатпай-ақ, кез келген уақытта асқындырып жібереді. Асқыну тек жатырды ғана емес, сонымен қатар, жатыр түгін де қамтиды, ондағы түкті эпителий – ұрықтанған ұрықтың түтік бойымен жатырға қарай жылжуына мүмкіндік беретін арнайы құрылымды жоюы мүмкін. Мұндай жағдайда жатыр түгінің өту жолдары оның соңына дейін бітеліп, бедеулікке алып келеді.
Толық жазылып бітпеген жағдайда қолдан аборт жасатудың тағы бір зияны әрі өте ауыр асқыну - жатырдан тыс жүктілік орын алады. Бұл кезде ұрық одан әрі жылжу мүмкін болмағандықтан түтікке жабысып қалады. Эмбриондардың өсуімен қатар жатыр түгі ісініп, жарылады, оның салдарынан қан ағады. Бұл жағдай жатыр түгін алып тастау қажет болатын жедел операцияны талап етеді, бұл өз бетінше екінші рет болатын жүктілікті қиындата түседі. Сонымен қатар, қан ағуды тоқтату мүмкіндігінің болмауы көбіне жатырды ампутациялауға алып келеді, жүктілік туралы енді мүлдем ойламауға алып келіп соғады.
Күрделі гормональды бұзылу. Әйел ағзасы жүктілікке бірнеше апта дайындалады. Сондықтан аборт жасау кезінде ол күрделі гормональды және жалпы күйзеліске тап болады. Аборттың зиянынан гормональды өзгерістер орын алады. Бұл тек жыныстық салада ғана болмайды, сонымен қатар, оған байланысты ішкі секрецияда – бүйрекасты, қалқанша безі (қылтанақ) органдарында да болуы мүмкін. Ұрықтар барлығынан көп зардап шегеді – олардың функциялары бұзылады, ол ұзақ және мұқият емделген соң да, жүктіліктің болмауына алып келеді.
Гормондық теңсіздік кезінде сүт бездері мен жатыр денесінің қатерсіз және қатерлі ісіктері секілді жаңа өспелер тәрізді ісіктердің пайда болу қаупі де ұлғаяды.
Тіпті тәжірибелі дәрігерлердің өзі жатырда ұрық тінінің бір бөлігін қалдырып кетуі мүмкін. Ірі және ақылы клиникаларда аборт қазіргі уақытта УДЗ-дің бақылауымен жасалуда, бірақ мұның өзі сәттілікке кепілдік бере алмайды. Жатырда қалып қалған тіндер көптеген бақытсыздыққа алып келеді және мұндай жағдайда аборттың зияны еселене түседі. Барлығы қанның ағуынан басталады, өйткені жатыр бос болған кезде ғана жиналады. Содан кейін мұның барлығы эндометрия деп аталатын жараның пайда болуына алып келіп соғады, ол қайта қыруды және күшті антибиотиктермен емдеуді талап ететін жайт. Шын мәнінде аборт салдарының ең ауыр түрі – хорионэпителиомның – эмбрионды тіннен өсетін қатерлі ісіктің туындауы. Мұндай жағдайда аборттың зардабы өлімге апарып соғады. Мұндай ісік сирек, бірақ агрессивті! Ол айналасындағы тіндерді жояды, ол ешнәрсеге қарамастан жан-жағына өсе береді – оны айқындау өте қиын және нашар емделеді.
Аборттың ең қауіпті асқынуы — жатыр қабырғасы бүтіндігінің бұзылуы және оның жыртылуы (тесілуі). Аборттың жатырды тесуі сынды таза техникалық асқынулар туралы да ұмытпауымыз қажет. Басқаша айтқанда, ол операция барысында жатырдың тесілу қаупі. Мұндай ауыртпашылық сирек кездеседі, бірақ міндетті түрде ескерілуі тиіс, өйткені мұндай жағдай тіпті тәжірибелі дәрігерде де болуы мүмкін. Жүктілік кезінде жатырдың шырышты қабаты бос, жұмсақ болады, егер «бұл жұмыс» көзбен көрмей тұрып жасалатынын ескерсек, жатырды жарақаттап алу өте оңай. Егер түсік астыртын жағдайда жасалса, барлық уақытта қатты қан кетуге, перитонитке алып келеді, бұдан әрі науқастың қайтыс болуына апаратын да жағдай тууы мүмкін, ал кейіннен қалаулы жүктілікке жету де қиындайды.
Дәрі-дәрмек тәсілімен жасалған аборт. Соңғы жылдары қолданылып жүрген «тіпті зияны жоқ» дәрі-дәрмек арқылы күшті әсер ететін бірнеше дәрі түйіршегінің көмегімен жасалатын аборт - техникалық операциялармен, қан кетумен немесе инфекциямен байланысты қауіптерден ғана «қорғайды», бірақ әйел ағзасында өте ауыр гормоналды бұзылу орын алады, оның салдарынан эндокринологиялық жүйе бұзылады. Дәрі-дәрмектік аборттың салдары ұрпақты болу жүйесінде гормональдық қалдық түрінде болуы мүмкін. 2-4% жағдайда ұрық безінің қалдығы болуы мүмкін, соған байланысты жатыр қуысын қыру қажеттігі туындайды.
Психологиялық аспект. Аборттың психологиялық зиянын да ескеру қажет. Әйелдің бұдан кейінгі өмірінде балалы болмайтындығын білгеннен кейінгі жай-күйін елестетудің өзі қаншалықты ауыр екенін әркім-ақ бағамдай жатар.
«ЗАРДАБЫ ТУРАЛЫ ОЙЛАНСЫН ДЕДІМ»
Қазақстанда кәмелетке толмай жүкті болу және аборт жасату сияқты мәселелердің жастар арасында, әсіресе, әлеуметтік желілерде қызу талқыланатыны байқалады.
Блогер, иллюстратор Аңсаған Мұстафа жас қыздардың ерте жүкті болуы – алаңдарлық мәселелердің бірі дейді. Оның осы мәселеге қатысты салған «Мамам мені өлтіретін шығар» атты суреті әлеуметтік желілерде көп қаралып, көп талқыланған постардың бірі болды.
"Мамам мені өлтіретін шығар", қағаз, тушь, қылқалам. 10 қазан 2012 жыл. Суреттің авторы - блогер, Аңсаған Мұстафа.
- Өзім әдемі, жас қазақ қыздарын жақсы көрем. Көбісі аңқау, алданып қалып жатады. Сурет салған себебім – кішкене ойлансын, тек қыздар емес, жігіттер де бей-берекет қарым-қатынас жасай бермесін деген ойды жеткізу еді. Жас қыздардың организміне аборт жасатудың зардабы өте қатты тиеді. Кейбірі артынан бала таба алмай жүреді. Моральдық-психологиялық жағын алмағанда, - дейді блогер Азаттыққа.
«ЖАС ҚЫЗДЫҢ БАСТЫ ЖАУЫ - САУАТСЫЗДЫҚ»
БҰҰ-ның тұрғын халық саласындағы қорының (ЮНФПА) мәліметінше, күн сайын әлемдегі дамушы елдердің кәмелетке толмаған 20 мың жасөспірімі босанып жатады. Бір жылда бұл көрсеткіш 7,3 миллионға жетеді, оның 2 миллионы – 15 жасқа толмаған қыздар.
Ал Қазақстанда жыл сайын 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдердің 20 мыңы жүкті болып, оның тең жартысы – 10 мыңға жуығы жасанды түсік жасатады. ЮНФПА-ның Қазақстандағы өкілі Райымбек Сисемалиев қазақстандық жастардың 10 пайызға жуығы 14 жасқа дейін, ал 50 пайызға жуығы 19 жасқа дейін жыныстық қатынас жасап үлгеретінін айтады.
- Мұндай статистика жыныстық қатынас пен жасөспірімнің ерте жүктілігі, аборт және оның зияны туралы мектептен бастап үйретуді талап етеді. Біз, жастардың болашағының – білім алуы, адам болып қалыптасуы мен денсаулығына зиян келтіретін факторлардың алдын алуымыз қажет. Ал ерте жастағы жүктілік пен аборт дәл осындай зиянды фактор, - дейді ол.
Қазақстанда жыл сайын 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдердің 20 мыңы жүкті болып, оның тең жартысы – 10 мыңға жуығы жасанды түсік жасатады.
Жасөспірімдердің тек қауіпсіз жыныстық қатынас жасау шарттарын сақтамағандықтан жүкті болып жатқан жоқ. Бұл құбылыстың және бір себебі – мыңдаған жас қыз кәмелетке толмаған күйі ұзатылып та жатыр. Президент жанынан құрылған отбасы-демография саясаты әйелдер ісі жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі Әсия Хайруллинаның дерегіне сәйкес Қазақстанда орта есеппен жылына 18 жасқа толмағандардың 3000 некесі қиылады.
- Бұл – бірнеше проблеманың бастауы. Біріншіден, денсаулық, жасөспірім қыздар бала туса, денсаулығына өте зор нұқсан келеді. Бізде қазір дінге бет бұрып, ерте жаста некесін қия салып жатқандар да аз емес. Екіншіден, жүкті болған жасөспірім білім ала алмай, кейін жұмыссыз да қалып жатады. Сондықтан әрбір ата-ана қызының денсаулығы мен оның болашағына жауапты болу керек, - дейді ол.
Әсия Хайруллина аяғы ауыр болып қалған жас қыздың жақын туыстары оның «алғашқы жауына» айналады деп ойлайды.
- Себебі біздің менталитет көп жағдайда үйде отырып, жүкті болған қызды сынға алып, шеттетеді. Сондықтан көп жасөспірімдер не айтпай аборт жасатады, не үйден кетіп қалып, бала туып, оны тастап кетіп жатады. Бір ғана Алматыда тастанды балалардың 29 пайызының анасы 18-ге толмаған қыздар. Егер қыздарын осындай сергелдеңге салғысы келмесе, ата-ана өз баласының осы саладағы сауатын арттырғаны абзал, - дейді маман.
Жанұяны жоспарлау.
Жанұяны жоспарлау – қаламаған жүктіліктен сақтануға, әйел ауруларын және өлімін төмендетуде жоғары мамандандырылған сапалы қызмет етеді. Жанұяны жоспарлау әр түрлі контроцепция әдістері туралы (тиімділігі, кемшілігі, кері әсері, асқынуы т.б ) толық және анық ақпарат бере алады. Бұл әдіс баланың және ананың денсаулығын жақсарту ғана емес, бұл адамның құқығының бір түріне жатады. Отау құрған екі жас берілген ақпаратты толық түсініп, таңдау жасайды, сондықтан қазіргі кезде кең депазонды қауіпсіз және нәтижелі контрацепцияның әр түрлі әдістері кең ұсынылады. ХДҰ жанұяны жоспарлауға сапалы қызмет етеді және әдістердің нәтижелі болуы үшін көп көңіл бөледі. Отбасын жоспарлаудың кажеті: қалаулы денісау баланы туу ушін; әйелдердің денсаулығын сақтау үшін; отбасындағы психосексуалды қатынастардағы үйлесімділікке қол жеткізу үшін; өмірлік жоспарларды жүзеге асыру үшін; өмip сүру сапасын жақсарту үшiн. Отбасыны жоспарлау – әйелдер мен балалардың ауруларының төмендеуі мен сақтауына бағыталған шаралар жиынтығы. Бұл шаралар жиынтығы ерлі – зайыптылардың келесі мәселерін шешуге мүмкіндік береді: Керексіз балалардың болдырмауынан; Тек керекті балалардың болуы; Жүктілік арасы аралығын реттеу; Балалар санын анықтау; Ата – аналардың жасына байланысты балаларды туу мерзімін бақылау. Бұл мәселелердің бөлігі келесілер есебінен шешіледі: Ұрықтануға қарсы заттармен қамтамасыз ету; Тұқым беру қабілеті жоқтығын емдеу; Бала көтере алмауды емдеу. Бала туу үшін әйелдің жас мерзімін анықтау өте маңызды. Жүктілік кезіндегі, туу және туғаннан кейінгі мерзімде асқынудың пайда болуынан жиырма жасқа дейінгі бала туатын әйелдердер қауіптілік тобын құрайды. Отыз бес жастан асқан әйелдер босанғанда баланың генетикалық «ауытқулармен» (мысалы, даун – бала) туу қаупі артады. Отбасыны жоспарлауда ана өлімінің төмендеуінде маңызды роль атқарады, оның бір себебі — заңсыз жасанды түсік. Кейде жасанды түсік жасату арқылы жоспарланбаған жүктілікті үзу әйелдерге репродуктивті денсаулығына түзелмейтін зиян келтіреді. Зерттеулер нәтижесінде, егер 16 жасқа дейінгі әйелдердің бірінші жүктілігі түсікпен аяқталса, онда келесі жүктіліктер сәтсіз болуы мүмкін (өзіндік түсіктер, ерте босану). контрацепция қазақшаКонтрацепция құрамына, мөлшеріне, әсер етуіне көрсеткішіне, қарсы көрсеткішіне, қолдану ерекшелігіне, қолдану әдісіне байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді. Отбасын жоспарлау үйлесімді және қayiпciз жыныстық қатынас құруға, өз денсаулығын caқтayғa мүмкіндік беретін контрацепция әдістері арқылы жүзеге асырылады. Бұл: Ішілетін құрама контрацептивтер. Инъекцияльқ контрацептивтер. Имплантанттар (норпланта). Әйелдердің стерилизациясы. Вазэктомия (еркектердің стерилизациясы). Презервативтер (мүшеқаптар). Жатырішілік заттар. Қынаптық әдістер (диафрагмалар және жатырмойны қақпақшасы). Отбасын жоспарлаудьң табиғи әдісі (физиологиялық әдіс). Лактациялық аменорея әдісі (ЛАӘ). Комбинирленген оральді контрацепция. а. Құрамы. Оральді контрацепция, яғни ұрықтануға қарсы препарат комбинациясында эстроген және прогестина немесе прогестин бар. Бізге бір –, екі -, және үш- фазалы комбинерленген эстроген – гестагенда препараттар белгілі. Бір фазалыға: овулен, овидон, регевидон, диане — 35, микрогинон жатады; Екі фазалыға: антеовин, климин, дивин жатады. Үш фазалыға: триквилар, тризистон, трирегол, марвелон және т.б Комбинерленген оральді таблеткалар құрамында эстрогегннің (этинилэстрадиол немесе местранол ) және прогестиннің құрамы әр түрлі мөлшерде болады. Бірақ, қазіргі кездегі препараттар құрамында төмен дозалы эстроген (бір таблеткада 20 – 50 мкг) болады. Оларда 21 күн ішінде цикл арасында апталық үзіліспен қабылдайды. Құрамында прогестині бар препараттарды үзіліссіз қабылдайды. б. Әсер ету механизмі. Овулияцияны төмендету КОК — тың негізгі механизмдік әсері. Эстраегендер сияқты прогестиндер де гонатропин синтезін төмендетіп, овуляцияны тоқтатады. Жатыр мойны шырышы қоюланып, жабысқақтанады. Цервикальді өзекке сперматозоидтардың жылжуына кедергі жасайды. Прогестин әсерінен эндометрий активтілігін төмендетіп, сонымен бірге бластоцистаны имплантациялауға дайын болмайды. в. Зиянды әсері. Төмен мөлшерлі препараттарды жиі қолданғанда қан кетулер немесе аменорея , дисменорея болады. Кейде жүрек айну, дене салмағы жоғарлауы және сүт бездерінің ауырсынуы болады. Бас ауру, ішінің ауруы, құсу басқа аурулармен байланысты болуы мүмкін. Таблеткаларды екі — үш рет қабылдағаннан кейін бұл көріністер жоғалып кетеді. г. Асқынуы. 1.Тромбоэмболия. Эстрагендер қан плазмасын ұйыту факторларына ( VІІ- фактор, шамалы бауырға ) әсер етуне байланысты оның концентрациясын көбейтеді. Оральді контрацепцияны қолданғанның алғашқы 10 күнінен кейін қан құрамында антитромбин ІІІ төмендейді. Сондықтан КОК – ты көп қолданғанда беткей және терең веналардың тромбозы болуы ғажап емес. Жүрек – тамыр жүйесінің аурулары. Әйелдердің жүрек тамыр жүйесі немесе цереброваскулярлы аурулары кезінде КОК – ты қолдану өлім қаупін 4 – 5 рет жоғарлатады. КОК – ты ұзақ қолданғандықтан миокард инфарктісі, жүректің ишемиялық аурулары т.б болады. Жүрек тамыр жүйесі ауруларынан болатын сырқаттылықты және өлім қауіпін азайту үшін, құрамында 50 мкг эстрогені бар препаратты қолданады. Әйелдің жасы, шылым шегуі, алькогольді ішімдіктерге әуестенуі кезінде КОК — ты қолданғандықтан миокард инфарктісінен болатын өлім қаупін жоғарлатады. Гипертензия. КОК құрамына кіретін гормон әсерінен АҚ жоғарылайды. Препаратты алғаш рет қолданғанда және басқа түрге ауыстырғанда АҚ — ны міндетті түрде өлшеу керек. Аменорея. Бұл КОК – ты ұзақ уақыт қабылдағанда және оны тоқтатқанда болады. Ол 0,2 — 3,1 %. Әйелдерде КОК – ты қабылдауды тоқтатқан соң оның алдында менструальді цикл бұзылулары болса, аменорея 35 – 56 % құрайды. Егер аменорея КОК – тың әсерінен болмаса, гипофиз аденомасын жоққа шығармау керек. Бұл ісік 5 жыл немесе одан көп жылдар аралығын дамиды. Мұндай жағдай бір жылда жүз мың әйел ішінен үш әйелде кездеседі екен.д. Ұзақ уақыт қолдану. Әр екі – үш жыл өткен сайын препараттарға үзіліс жасап отыру тиіс. Мұндай үзілістер асқынулардың алдын алады. Бірақ, үзіліс кезінде орынсыз жүктілі болу жиілігі өте жоғары.ж.Эфективтілігі. Комбинирленген оральді контрацепция нәтижелігі жоғары, тиімді,қайтымды болатын әдіс. Дұрыс қолданса оның нәтижелігі 100 % жетеді. Жедел контрацепция. (ЖК) Жедел контрацепция жиі қолданылмауы тиіс. Жедел контрацепция қолданатын әйелдерге міндетті түрде ретті контрацептивті әдісті қолдануды таңдауды ұсынып , түсіндіру керек. Жедел контрацепцияны қай кезде қолдануға болады: қорғанусыз жыныстық қатынас кезінде ; мүше қаптың бүтінгінің бұзылып, тайғанақтауы кезінде; сексуальдық зорлауда; фертильді күндері жыныстық қатынасқа түскенде; егер әйел жүкті болудан қорықса (басқа әдістерді мысалы: таблетканы уақытынсында ішуді ұмытса т.б.). Жедел контрацепцияға төмен фазалы КОК , таза прогестинді таблеткалар, мыс құрамды ЖІС жатады. Таза прогестинді таблеткалар левоноргестрел КОК сияқты нәтиже береді. Бірақ зиянды әсерлері аз. Төмен мөлшерлі КОК құрамы эстраген сапасында 30 мкг этинилэстрадиол және 150 мкг левоноргестрел немесе 300 мкг норгестрел гестаген сапасында (регивидон, микрогинон т.б.) бар. Қолдану режимі: бірінші дозасын ( 4 таблетка) ертерек , қорғанусыз жыныстық қатынастан 72 сағат кеш емес кезде қолданады. Екінші дозасын ( 4 таблетка) бірінші дозадан 12 сағат өткеннен кейін қолдану керек. Мини – пили құрамында 75 мкг норгестрел бар. Қолдану режимі: бірінші дозасы ( 20 таблетка) қорғанусыз жыныстық қатынастан 72 сағат кеш емес кезде қолданады. Екінші дозасын ( 20 таблетка) бірінші дозадан 12 сағат өткеннен кейін қолдану керек. егер әйелде препаратты қабылдағаннан 2 сағат өткеннен кейін құсу болса осы дозаны оған қайталау керек.-егер құсу қайталанса, онда таблеткаларды қынапқа енгізу керек. -Әйел жүкті кезінде жедел контрацепция препараттарын қолданса, жатыр ішіндегі ұрыққа зияны тимейді. -Бірақ, жүктілікті көтеру әйелдің жеке басына байланысты. -Бұл контрацепция әдісін әйелдерге тұрақты және үнемі пайдануға болмайды. Таза прогестинді таблеткалар (постинор және мини – пили). Постинор құрамында 750 мкг левоноргестрел бар. Қолдану режимі: бірінші дозасы ( 1 таблетка) қорғанусыз жыныстық қатынастан 72 сағат кеш емес кезде қолданады. Екінші дозасын ( 1 таблетка) бірінші дозадан 12 сағат өткеннен кейін қолдану керек.Мыс құрамды ЖІС жедел контрацепцияға кері көрсеткіш жоқ болған жағдайда, қорғанусыз жыныстық қатынастан 5 күн кеш емес кезде қолданады. Осы препараттардың кері әсерлері: ЖАТЫР ІШІЛІК СПИРАЛЬ (ЖІС) Жатыр ішілік сайман жүкті болып қалмау үшін қолданылады. Оның тиімділігі 97%. Өзге шаралардан айырмашылығы ол жұмыртқа жасушасының ұрықтану- ын болдырмайды, ұрықтың жатыр қабырғасына бекінуіне жол бермейді, яғни оны мезгіліне жетпей түсікке айналдырады. Кейін бұдан жүктілікке жеткізбейтін әдет қалыптасуы мүмкін. Сондықтан, бұрын бала тумаған әйелдердің мұны пайдаланбағаны жөн. жатыр ішілік спираль а. ЖІС тиімділігі. нәтижелігі жоғары; басқа жүйелердегі зат алмасу процестеріне зиянды әсері; жатырішілік сайманның бір реттік процедурасын ұзақ уақыт (3-5 жыл) қолдануға болады; егер әйел бала көтергісі келсе, ЖІС –ды алдырғаннан кейін 4-6 айдан соң оны қайта салдыруға рұқсат етіледі және осы аралықта жүктіліктен сақтануға өзге тәсілдерді қолдануға болады; б. Әсер етуі. Медикаментозды емес ЖІС. Контроцепциялық әсері жатырдағы бөтен дене қатысуымен жергілікті асептикалық реакцияның болуына байланысты. ЖІС бөтен дене ретінде миометридің жиырылуын шақырып, оны тездетеді. Бір уақытта жатыр түтіктерінің перистальтикасын жоғарлатады, сол себепті ұрықтанған жұмыртқа клеткасы фаллопиев түтігінен тез өтіп, жатыр қуысына имплантациялануына тез түседі, сондықтан бір жағынан жұмыртқа клеткасы әлі толық өсіп жетілмеген, бір жағынан эндометри әлі оны мплантациялауға дайын емес. контрацепция әдістері в. Зиянды әсері. Жатырдан қан кету. ЖІС негізгі алып тастау себебі , менструацияның тоқтамауы және менструация аралығындағы қан кетулер. Сол кезде міндетті түрде темір препараттарын ішу керек және психотерапия сеансын жүргізу тиіс. Көбінесе бөтен дене жатырға еніп бейімделгеннен кейін қан кетулер азаяды. Егер қан кетулер тоқтамаса жатыр ішілік сайманды алып тастау керек. Жатыр түбінің перфорациясы. Бұл ЖІС – ді қолданғанда болатын ауыр асқынулардың бірі. ЖІС – ні енгізгенде біріншілік тесілу мысалы: 1000 процедура ішінде 1 жағдай кездеседі. Егер тексеру кезінде дәрігер жатыр мойнында бақыланатын жіпті көрмесе әйел ЖІС – нің түсуін байқамаса тез арада жатыр түбінің тесілуі деп қорытынды жасау керек. Дұрыс қойылған сайман әйелдің де, еркектің де жыныстық қарым қатынасына ешқандай кедергі жасамайды. ЖІС жатыр қуысына өсіп кетуі және жіптің қуысқа тартылып кетуі мүмкін. Инфицирлену. Жатыр қуысына жатыр қуысына ЖІС енгізгеннен кейін алғашқы 24 сағат аралығында қалыпты жағдайда стерильді болып есептеледі. Осыдан кейін бактериялармен инфицирленеді , бірақ көп жағдайларда табиғи қорғаныс күштері бұл бактерияларды жойып жібереді. ЖІС енгізгеннен кейін алғашқы 2 аптада жамбас мүшелерінің инфицирлену жиелігі жоғары болады, уақыт өткен сайын біртіндеп төмендей бастайды. г. Қарсы көрсеткіштер. Жыныс мүшелерінің жедел және жеделдеу қабыну аурулары; Жиі өршитін созылмалы қабыну аурулары; Инфекциялы – септикалық аурулар және әр – түрлі этиологиялы қызба; Жатыр ақауларының дамуы; Истмико – цервикальді жеткіліксіздік; Жыныс мүшелерінің қатерлі және қатерсіз ісіктері; Менструальді циклдің бұзылуы; Анықталған немесе мүмкін болатын жүктілік; Жүктілікке байланысты асқынуы. БАРЬЕРЛІК КОНТРАЦЕПЦИЯ ӘДІСТЕРІ Барьерлік контрацепция әдістері (диафрагмалар, мүше қаптар, губкалар және спермицидтер) жүкті болудан, ЖЖЖС – дан, басқа гинекологиялық аурулардың дамуынан, әсіресе жатыр мойны карциномасы даму қаупін төмендетеді. Ұрықтандыруға қарсы заттардың зианды әсерлері тәжірибиеде аз деп есептеледі. Келесі барьерлік контрацепция түрлерін: ерлердің ( мүшеқап – сперманың қынапқа кіруінен сақтайды ) және әйелдердің (диафрагмалар, губкалар және спермицидтер) деп бөледі. Мүше қаптар тиімді, қауіпті емес және салыстырмалы арзан, ЖЖЖС – дан сақтайтын жеке әдіс. Оны басқа контрацепция әдістерінде ЖЖЖС – дан сақтануға қосымша әдіс ретінде қолданады. Бұл әдіс мына жағдайда пайдалы, егер серіктер әр жыныстық қатынас кезінде қолданса. а. Тиімділігі келесі фактрларға байланысты болады: Серіктер жасы (жасы үлкен серіктерде фертильділік төмендейді). Жүкті болуды ескерту немесе жанұяны жоспарлауды кейінге қалдыру. Серіктердің жоғары деңгейдегі білімділігі. Жүктілік болу жиілігі 1 жылда 100 әйел ішінен 5-10 жағдай кездеседі. б. Жыныс жолдары арқылы берілетін аурулар. Латексті мүшеқаптар ауа, су және микроорганизмдерді өткізбейді. Сондықтан ЖЖЖС – дан сақтайды. Ал, басқа материалдардан жасалынған мүшеқаптар мұндай қасиет көрсетпейді, келесі қоздырғыштармен шақырылатын ауруларды өршітеді. в. Жатыр мойнының карциномасы. Ұрықтануды болдырмайтын барьерлік заттар жатыр мойнын онкологиялық аурулардың дамуын тудыратын себептерден сақтайды. Бірақ мүше қаптар жатыр мойнының дисплазиясын тудыруы мүмкін. Спермицидтер. Оған гелдер, аэрозольді көпіршіктер, көпіршікті және көпіршіксіз суппозиторилер жатады. Бұл әдәсті диафрама, губка және мүше қаптармен бірге қолданады. Бірақ, әйелдердің 3% ғана спермицидтерді қолданады. а. Әсер етуі. Барерьлік контрацептивтер активті компонент тез бөледі және қынаппен жатыр мойнынна жайылу қабілеті бар. Спермицидтер жатыр мойнына сперматозоидтардың кіруіне физикалық бартер ретінде кедергі жасай алады. Жатыр мойны шырышына енген сперматазоид бөлігіне спермицид әсер еткен соң, фуртильдік қасиетін төмендетеді. Спермицидтердің активті ингридиенттері сперматозоидтардың қозғалғыштығын аналық клеткаға енуін жүргізетін фермент активтілігін төмендетіп, оларды жояды. Беткейлі – активті заттар ( мысалы ноноксинол 9 және октоксинол 9) сперматозоидтың сырқы мембранасын бұзады. Фермент ингибитрлары ( мысалы, госсипол) – спермостатиктер; олар сперматозоидты жүргізетін ферменттердің активтілігін төмендетеді және фермент акросомалары (мысалы, гиалуронидаза және проакрозин ), ұрықтану кезінде аналық клетканың мөлдір қабатынан сперматозоидтың өтуіне кедергі жасайды. б. Жүктілік болу жиілігі бір жылда 100 әйел ішінен 5 – 25 жүкті болады, ол бірнеше факторларға байланысты мысалы, егер спермицид жатыр мойнын толық жаппаса, онда оның әсері нәтижесіз. в. Зианды әсері. Қазіргі қолданылып жүрген спермицидтердің зиянды әсері табылған жоқ. Әйелдердің спонтанды аборт жасау жиілігі және ұрықта, балада туа пайда болған ақаулар қаупі жоғарлайтын болса спермицидтерді қолдану қарсы көрсеткіш болып табылады. ТАБИҒИ ЖОЛМЕН ЖҮКТІЛІКТЕН ҚОРҒАНУ Босанғаннан кейін әйел организмінде аса қажетті физиолгиялық процестер, әсіресе жыныс жүйесінде өзгерістер болады. Босанғаннан 7-8 апта өткен соң жатырдың шырышты қабаты қайта қалпына келеді.
Отбасын жоспарлау және контрацепция әдісі.
Халықаралық отбасы күні 1994 жылдың 15 мамырынан бастап өтілуде. Отбасы- өмір бойы біздің қасымызда болатын ең жақын адамдар. Ел басшымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан 2050» стратегиясында әйелдерге «Сіздер- отбасының тірегісіздер, еліміздің болашақта қандай болатына балаларымыздың бойына өзіміз қандай тәрбиені сіңіретінімізге тікелей байланысты» деп айтқан. От басын жоспарлау - бұл кейбір жеке адамдар мен ерлі - зайыптылардың қалаулы емес жүктіліктен сақтануына, дүниеге келетін сәбилердің уақытымен ,санын реттеуде еркін және жауапты шешім қабылдап,осы таңдауды қадағалауға арналған шаралар жиынтығы. Басқаша айтқанда, отбасын жоспарлау – баланы кездейсоқ емес, жоспарлы түрде өмірге әкелу деген сөз.
Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығының қалыптасуына теріс ықпал ететін факторлар ретінде жыныстық қатынастардың ерте басталуы, олардың арасында жыныстық жолдар арқылы берілетін жұқпалы аурулардың көбеюі, сондай-ақ темекі мен ішімдікке әуестілігі қоғамыздың ертеңгі күні дүниеге дені сау ұрпақ алып келуіне күмәндіміз.. Жас қыздардың жоспарланбаған жүктіліктен жасанды түсік тастауы- болашақ ананың ұрпақты болу денсаулығына кері әсерін тигізері анық және тастанды балалар қоғамымызда әлеуметтік жетімдер санының артуына себепші факторлардың бірі.
Жалпы айтқанда ,жанұяны жоспарлаудың негізгі мақсаты –ана мен нәрестенің денсаулығын қорғау және жалпы халықтың денсаулығын жақсарту болып саналады. Жүктілік ана организміне түсетін үлкен салмақ болғандықтан, жүктілікке алдын-ала дайындалған дұрыс.Егер әйелде қандайда бір созылмалы ауру болған жағдайда емдеп, гинекологқа қаралып жыныс жолымен берілетін инфекцияларға анализ тапсырған дұрыс. Болашақ аналарға арналған дәрумендерді қабылдауды ұсынуы және ішу себебін түсіндіріп айтуы мүмкін. Болашақ ана зиянды әдеттерден бас тартқаны жөн. Сонымен қатар, жоғардағы айтылғаны ғана емес, жалпы адамның физикалық және ой жүйесі мен әлеуметтік жағдайының да сау болуы.
Контрацепция - бұл үнемі және кездейсоқ жыныстық өмір барысында қалаулы емес жүктіліктен сақтану.
Күтпеген жүктіліктен сақтанудан контрацепция жеті топқа бөлінеді:
1)табиғи.2)тосқауылды.3)жатыр ішілік заттар.4)лактационды әдіс.4)жедел контрацепция әдісі және ерікті әйелді немесе еркекті хирургиялық ұрықсыздау әдісі.
Отбасын ойланып жоспарлау, ана мен бала ауруын және өлімін төмендетудің бірден – бір жолы болып табылады. Жасөспірімдерді жыныстық тәрбиелеудің, қыз балаларды диспансеризациялау және ана болуға дайындаудың , отбасын жоспарлаудың маңызы зор.
Ақжайық аудандық орталық ауруханасында «Отбасын жоспарлау» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Түсіндірме жұмыстары барысында гинеколог маманның жас аналарға кеңесі жоспар бойынша өткізіледі. Репродуктивті денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығына, ағзадағы өзгерістер, жоспарланбаған жүктіліктен сақтанудан контрацепция жөнінде, жасанды түсік тастаудың ағзаға тигізер зардаптарына, болашақ отбасын жоспарлаудың мәніне терең тоқталып өтеді.
Әрбір үйдің ұйытқысы, отбасының берекесі,өмірдің жалғастырушысы, елдің әні де, сәні де –ана. Ал, қыз-бала болашақ ана.
|
Поделитесь с Вашими друзьями: |